Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Әбиба мен Ғұсман бар: Әлемдік додада тағы кім ел намысын қорғайды?

Сарапшы, спорт журналисі
30.10.2025, 06:40

БАӘ астанасы Абу-дабиде өтетін Grand Slam жарысы 28–30 қараша аралығында өтеді. 

kaz.inform.kz
Реклама
Реклама

Қазақстанның үздік дзюдошылары Әбиба Әбужақынова мен Ғұсман Қырғызбаев бастаған ұлттық құрама 28–30 қараша аралығында Абу-Дабиде өтетін Grand Slam (Үлкен дулыға) турниріне қатысады. Бұл дода маңызды рейтингтік кезеңдердің бірі.

Grand Slam жарысына әлемнің 80-ге жуық елінен спортшылар қатыспақ. Қазақстан ұлттық құрамасы бұл турнирге 14 спортшымен аттанағалы жатыр. Оның ішінде 3 әйел және 11 ер дзюдошы бар.

Әйелдер құрамасы

  • 48 кг: Әбиба Әбужақынова — Азия чемпионы, әлемдік рейтингтің үздік ондығында.
  • 57 кг: Бақыт Құсақбаева — жастар арасындағы Азия кубогының жеңімпазы.
  • 63 кг: Эсмигүл Куюлова — халықаралық турнирлердің жүлдегері.

Әбиба бұл маусымда тұрақты нәтиже көрсетіп келе жатқан дзюдошылардың бірі. Оның Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде медальға таласу мүмкіндігі жоғары.

Ерлер құрамасы

  • 60 кг: Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан
  • 66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Нұрқанат Серікбаев
  • 73 кг: Есет Қуанов
  • 81 кг: Абылайхан Жұбаназар, Азат Құмысбай
  • 90 кг: Ермахан Ануарбеков
  • 100 кг: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров («Qazaqstan Barysy – 2025» чемпионы)
  • +100 кг: Еламан Ерғалиев

Қазақстанның тәжірибелі спортшысы Ғұсман Қырғызбаев халықаралық деңгейдегі көпжылдық тәжірибесімен ерекшеленеді. Ол 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және ұлттық құраманың көшбасшыларының бірі саналады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары