Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстан бокстан әлем чемпионатының жүлдегерлеріне сыйақы төлемейді

Сарапшы, спорт журналисі
30.10.2025, 17:36

Қазақстан бокс федерациясының (ҚБФ) бас хатшысы Мерей Ақшалов 2025 жылғы IBA әлем чемпионатында жүлдегер атанған қазақстандық боксшыларға мемлекет тарапынан сыйақы берілмейтінін мәлімдеді.

Zakon.kz
Реклама
Реклама

«IBA – ХОК мойындамаған ұйым»

Мерей Ақшаловтың айтуынша, қазіргі заңнамаға сәйкес мемлекет тек Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) ресми мойындаған федерациялардың турнирлеріне қатысушыларға ғана қаржылай сыйақы төлейді.

«Егер ертең World Boxing президенті сайланып, біздің қатысуымызға қарсы болмаса да, IBA чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларға мемлекет тарапынан сыйақы төленбейді. Себебі соңғы заңнамалық толықтыруларға сәйкес, мемлекет тек МОК мойындаған федерациялардың жарыстарын қаржыландырады. Ал МОК World Boxing-ті мойындайды, IBA-ны – жоқ», — деді Ақшалов.

Мемлекеттік сыйақы тек World Boxing чемпиондарына беріледі

Қолданыстағы ережеге сай, әлем чемпионы атанған спортшыға мемлекет 15 мың доллар, күміс жүлдегерге — 7 мың, ал қола жүлдегерге — 5 мың доллар (теңге баламасында) төлемақы береді.

Бұдан бөлек, Қазақстан бокс федерациясы World Boxing чемпиондарына қосымша сыйақы қарастырған:

  • Алтын медаль – 100 000 доллар,
  • Күміс – 50 000 доллар,
  • Қола – 30 000 доллар.

IBA чемпионаты – рекордтық жүлде қоры бар турнир

Айта кетейік, Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастыратын әлем чемпионаты 2–13 желтоқсан аралығында Дубайда (БАӘ) өтеді. Биылғы турнирдің жүлде қоры рекордтық деңгейге — 8 миллион АҚШ долларына жетіп отыр. Әлем чемпиондарына 300 мың доллардан (шамамен 158,5 млн теңге) сыйақы табысталады.

Алайда, Қазақстан бұл турнирдің ресми түрде мойындалмағанын ескеріп, мемлекеттік сыйақы төлемейді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары