Реклама
Реклама

Қазақстан Азиадада нокаутпен үшінші "алтын" еншіледі

Сарапшы, спорт журналисі
30.10.2025, 17:50

Қазақстан құрамасының жас боксшысы Аяулым Оспанова Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын жүлде жеңіп алды.

olympic.kz

66 келіге дейінгі салмақта — сенімді жеңіс

Финалдық айқаста Аяулым Үндістан спортшысы Харнур Каурмен қолғап түйістірді. Қазақ қызы қарсыласына еш мүмкіндік бермей, жекпе-жекті екінші раундта нокаутпен аяқтады.

Төреші Каурды үш рет нокдаунға жібергеннен кейін кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша Оспанова ерте жеңіспен алтын медаль иегері атанды.

Қазақстан боксы — үздік үштікте

Бұл жеңіс Қазақстан құрамасының қоржынына бокстан үшінші алтын медальді салды. Бұған дейін Досжан Жұмақан (54 кг) мен Жұмағали Нұрмахан (50 кг) чемпион атанған болатын.

Бокстан жарыстың соңғы күнгі кездесулері 30 қазанда, ал жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының ресми жабылу рәсімі 31 қазанда өтеді.

Реклама
Реклама