Қазақстан финалда Өзбекстанды ойсырата жеңді (ВИДЕО)
Жарнама
Жарнама
Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан 2025 жылғы Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық боксшы Камила Оспанова алтын медаль жеңіп алды.
75 келі салмақтағы финал
Финалда Камила Өзбекстан спортшысы Самира Тургуновамен қолғап түйістірді. Үш раундқа созылған жекпе-жекте Оспанова қарсыласына еш мүмкіндік бермей, айқын басымдықпен (5:0) жеңіске жетті.
Осылайша жас қазақстандық спортшы өз салмағында Азия ойындарының чемпионы атанып, ел қоржынына кезекті алтын жүлдені салды.
Қазақстанның бокстан бесінші алтыны
Бұл жеңіс Қазақстан құрамасына бокстан бесінші алтын медальді әкелді. Бұған дейін:
- Досжан Жұмақан (54 кг),
- Жұмағали Нұрмахан (50 кг),
- Даниал Шалқарбай (66 кг),
- Аяулым Оспанова (66 кг)
чемпиондық атаққа қол жеткізген болатын.
Жарнама
Жарнама