Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақ қызы өзбек балуанын жеңіп, Азия ойындарының «алтын» медалін иеленді

Сарапшы, спорт журналисі
30.10.2025, 20:45

Бахрейнде өтіп жатқан ІІІ Жасөспірімдер Азия ойындарында қазақстандық балуан Аиша Алтай ел намысын асқақтатты. 

instagram/@kaz_judoteam
Реклама
Реклама

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Аиша Алтай сәтті жеребеден кейін бірден жартылай финалға шықты. Онда ол Моңғолия өкілі Буйянжаргал Хадбаатармен белдесіп, кездесуді небәрі 20 секундта мерзімінен бұрын аяқтап, таза жеңіске жетті.

Финалда қазақстандық спортшы Өзбекстан атынан сынға түскен Шохиста Тураевамен кездесіп, жоғары деңгейдегі техникалық шеберлігін көрсетті. Белдесу барысында Аиша қолданған ерекше әдіс «юко» бағасымен есептеліп, оған алтын медаль әперді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары