Азиада-2025: Қазақстан бокстан Өзбекстанды артта қалдырды
Жарнама
Жарнама
Бахрейннің Манама қаласында өткен ІІІ Жасөспірімдер Азия ойындарының бокстан финалдық кезеңі өз мәресіне жетті.
Бахрейндегі финал бес алтынмен аяқталды
Қазақ боксшылары мен боксшы қыздары Азия құрлығының үздіктерімен күш сынасып, бес салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Ерлер арасында жеңіс иелері:
- Жұмағали Нұрмахан — 50 кг дейін,
- Досжан Жұмахан — 54 кг дейін,
- Даниал Шалқарбай — 66 кг дейін.
Қыздар арасында чемпион атанғандар:
- Аяулым Оспанова — 66 кг дейін,
- Камила Оспанова — 75 кг дейін.
Қазақстан мен Өзбекстан тең түсті, бірақ...
Жалпы медаль кестесінде Қазақстан мен Өзбекстан бірдей нәтиже көрсетті — бес алтын, үш күміс және екі қола.
Алайда қосымша көрсеткіштер бойынша, атап айтқанда төрт ширек финалға шыққан спортшылар саны бойынша Қазақстан құрамасы көш бастады.
Осылайша Азия ойындары-2025 бокстан жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Қазақстан иеленді.
Жарнама
Жарнама