Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Олимпиада чемпионы 15 секундта қарсыласын нокаутқа жіберді

Сарапшы, спорт журналисі
31.10.2025, 14:47

АҚШ-тың Нэшвилл қаласындағы The Pinnacle аренасында өткен DBX 4 турнирінің басты жекпе-жегінде олимпиада чемпионы Гейбл Стивсон небәрі 15 секундта қарсыласын нокаутқа түсірді.

mmamania.com
Реклама
Реклама

«Лас бокс» кешіндегі күтпеген финал

Стивсонға америкалық Билли Суонсон қарсылас атанды. Белдесу басталған бойда олимпиада чемпионы басымдықты өз қолына алып, бірнеше жойқын соққыдан кейін қарсыласын есінен тандырды. Осылайша төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды.

Жеңісінен кейін Гейбл Стивсон шаршы алаңнан секіріп шығып, аңызға айналған бапкер Джон Джонспен бірге қуанышқа бөленді.

DBX — Джон Джонстың жаңа жобасы

Айта кетейік, DBX (Dirty Boxing) — UFC жұлдыздары Джон Джонс пен Майкл Перри құрған жаңа жекпе-жек ұйымы. Бұл формат аралас жекпе-жек (ММА) ережелеріне ұқсас, бірақ онда аяқпен соғу, тізе ұру, лақтыру, сабмишн және партердегі күрес элементтері болмайды. Яғни, бұл — таза қолмен жұдырықтасуға арналған «лас бокс».

DBX 4 шоуының қосалқы басты айқасында Брайан Баттл тағы бір әсерлі жеңіс тіркеді. Ол Ник Корингті небәрі бір минутта нокаутқа жіберіп, турнирдің ең жылдам жеңістерінің бірін көрсетті.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары