Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Артур Бетербиев Top Rank компаниясымен қош айтысты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 12:49

40 жастағы былғары қолғап шеберінің Top Rank компаниясымен келісімшарты аяқталғанын мәлімдеді.

Артур Бетербиев. Фото Reuters
Реклама
Реклама

Жартылай ауыр салмақта (79,2 келіге дейін) бұрынғы абсолютті әлем чемпионы, ресейлік Артур Бетербиев ресми түрде еркін агент атанғанын хабарлады.

40 жастағы былғары қолғап шеберінің Top Rank компаниясымен келісімшарты аяқталған.

«Соңғы уақытта менің мәртебеме қатысты сұрақ көп. Маусым айынан бастап мен еркін агент атандым, өйткені Top Rank компаниясымен келісімшартымның мерзімі аяқталды. Осы жылдар бойы бірлесе жұмыс істегені және маған берген мүмкіндіктері үшін Top Rank-ке алғыс айтамын. Ал мені қолдайтын жанкүйерлерге айтарым – менің ең жарқын жеңістерім әлі алда», – деп жазды Бетербиев өзінің Telegram-арнасында.

Бетербиев жайлы

Артур Бетербиев кәсіпқой рингке 2013 жылдың маусымында шыққан. Қазір оның еншісінде 21 жеңіс болса, соның 20-сы мерзімінен бұрын аяқталған және бір ғана жеңіліс бар.

Артурдың соңғы жекпе-жегі 23 ақпанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен. Сол кезде ол жерлесі Дмитрий Биволмен реванш өткізді. 12 раундқа созылған тартысты айқаста төрешілердің басым бөлігі Биволды жеңімпаз деп тапты (114-114, 116-112, 115-113). Осылайша, ол абсолютті әлем чемпионы атағынан айырылды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары