Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Теренс Кроуфорд: “Жәнібек, жақында жолығамыз — уәде беремін”

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 13:35

Жәнібек Әлімханұлы келесі жылы супер жекпе-жекке шығып қалуы әбден мүмкін.

Сурет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы, америкалық Теренс Кроуфорд бір дивизионға төменгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуге қызығушылық танытқанын растады.

«Барлығын жеңе бер. Жақында кездесеміз, саған уәде беремін», — деп жазды Кроуфорд DAZN Boxing парақшасындағы Әлімханұлы туралы жазбаға пікір қалдырып.

Жақында Кроуфордтың келесі жекпе-жегі наурыз айында өтетіні туралы ақпарат шыққан, алайда қарсыласының есімі әзірге аталмады. Бұған дейін Теренс Жәнібектің менеджері Эгис Климаспен бірге бейнежазба түсіріп, онда 6 желтоқсанда өтетін «Kazakh Style» мен Эрисланди Лара арасындағы жекпе-жекті мұқият бақылайтынын айтқан болатын.

Алдыңғы айқасында, қыркүйек айында, Теренс Кроуфорд Сауль «Канело» Альваресті төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген еді. Дегенмен, оның наурыздағы қарсыласы тағы да Альварес болады деген болжам аз, себебі мексикалық боксшы әдетте жекпе-жектерін мамыр мен қыркүйекте өткізеді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары