Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстандық боксшылар WBA белбеуі үшін айқасатын болды

Сарапшы, спорт журналисі
07.11.2025, 14:12

Жекпе-жек кеші Алматы қаласында өтеді.

Фото: Irfin Promotions
Реклама
Реклама

20 желтоқсанда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қазақстандық танымал боксшылардың қатысуымен кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Penalty.kz, Irfin Promotions компаниясына сілтеме жасап.

Шоу аясында WBA нұсқасы бойынша Азия чемпионы Елшат Нығметолла (21-0-2, 8 КО) мен Армат Арманұлы (5-1, 4 КО) өз кезекті жекпе-жектерін өткізеді. «Қазақ жауынгері» өз титулын қорғайды, ал Арманұлы орта салмақтағы бос тұрған WBA Asia белбеуі үшін бақ сынайды. Қарсыластарының есімдері әзірге жарияланбаған.

Бұдан бөлек, 20 желтоқсан күні рингке тағы бірнеше қазақстандық боксшы шығады: Еділ Қожамбердиев (16-2, 16 КО), Әлішер Әбдуләлім (6-0, 4 КО) және Элина Базарова (1-0, 1 КО).

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары