Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстан Исламиадада алғашқы жүлде жеңіп алды

Сарапшы, спорт журналисі
08.11.2025, 20:45

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Исламиада ойындарында дзюдо шебері Шерзод Давлатов 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел қоржынына күміс медаль салды.

sportarena.kz
Реклама
Реклама

Финалда ол Түркия елінің тәжірибелі балуаны Салих Йылдызбен кездесіп, тартысты жекпе-жекте басым түсіп келе жатқан. Давлатовтың орындаған әсерлі “юко” әдісі оған уақытша басымдық берді. Алайда шешуші сәтте үшінші “шидо” ескертуі тағдыршешті болды. Төрешілер жеңісті қарсыласына берді.

Бұл жеңіліс Шерзод үшін де, бүкіл Қазақстан жанкүйерлері үшін де ауыр соққы болды. Жеңіс қол созым жерде тұрғанда, тәртіп бұзушылыққа байланысты алтыннан айырылу — нағыз спорттық драма. Дегенмен,Давлатовтың жолы мұнымен тоқтамайды. Ол Исламиадаға дейін Нигер мен Мысыр спортшыларын сенімді түрде жеңіп, мықты дайындық деңгейін көрсетті.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары