Қазақ файтері өзбек қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді
OCTAGON 81 турнирінің алдын ала кардында Қазақстан мен Өзбекстан спортшылары арасындағы тартысты жекпе-жек өтті.
instagram/@octagonleague
Жеңіл салмақта ел намысын қорғаған Алдияр Анарбаев (2-1) өзбек файтері Умид Ешмурадовпен (2-1) айқасқа шықты. Кездесудің тағдыры ұзаққа созылмады. Бірінші раундтың ортасында Анарбаевтың қарқынды шабуылы техникалық нокаутқа әкеліп, отандасымыздың айқын жеңісін тіркеді.
Айта кетсек, OCTAGON 81 турнирінің басты жекпе-жегінде минималды салмақ дәрежесіндегі жаңа чемпион, Қырғызстан спортшысы Фарида Абдуева (5-1) белбеуін қорғау үшін Бразилия өкілі Силвания Монтейромен (11-4) кездеседі. Бұл айқас Абдуеваның UFC ұйымына өту мүмкіндігін айқындайтын маңызды сәт болмақ.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet