Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Канело атышулы блогермен жекпе-жекке шығатын болды

Сарапшы, спорт журналисі

АҚШ-тың атышулы блогер-боксшысы Джейк Пол (12-1, 7 КО) мексикалық жұлдыз Сауль «Канело» Альвареспен (63-3-2, 39 КО) жекпе-жек өткізуге ниетті.

Канело атышулы блогермен жекпе-жекке шығатын болды
Фото: Marca

Негізі екі спортшы бұған дейін де келіссөздер жүргізіп, кездесу өткізуге келіскен болатын. Алайда кейін Канелоға америкалық Теренс Кроуфордпен (42-0, 31 КО) жұдырықтасу туралы тиімді ұсыныс түскен.

Кроуфордпен өткен кездесудегі жеңілісінен соң Канело соңғы жеті жылда алғаш рет титулсыз қалды. Осы жайттан соң Полмен айқас ұйымдастыру мәселесі қайта көтеріле бастады. Джейктың айтуынша, бұл жекпе-жекті Сауд Арабиясының әйгілі спорт инвесторы Турки әл аш-Шейх ұйымдастыруы мүмкін, ал Альварес бұған қарсы емес.

«Турки осы істі жүзеге асыра алатын адам деп ойлаймын. Мен дайынмын. Турки қызығушылық білдіріп отыр, ал Канело менімен жекпе-жекке келісім берген. Енді осыны іске асыру ғана қалды», - деді Пол BloodYelbow басылымына берген сұхбатында.

Айта кетсек, Джейк Пол биылғы 14 қарашада жеңіл салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Джервонта Дэвиспен (30-0-1, 28 КО) кездесу өткізуі тиіс еді. Алайда Дэвис сот ісіне байланысты жекпе-жекке шыға алмайтын болды.

27 жастағы Джейк Пол YouTube блогері ретінде танылды. Кейін кәсіпқой боксқа бет бұрып, қысқа уақытта әлемдік деңгейде танымалдыққа ие болды. Ол 2024 жылдың 15 қарашасында аңызға айналған Майк Тайсонмен рингке шығып, төрешілер шешімімен (79:73 есебімен) жеңіске жеткен болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір