Қазақстандағы танымал ММА жауынгері Қуат “Найман” Хамитов өз парақшасында қызықты ақпарат қалдырды.
Онда қазақ файтері еліміздегі ең танымал Поп-ММА жұлдызы Еркебұлан Тоқтарды бокстан жекпе-жекке шақырды:
"Мен қазақ промоутерлерінің Қазақстанда турнирлер ұйымдастырып жатқанынан қатты көңілім қалды! Қандай емізік, нақты масштаб қайда? Бұл жалған шоулардың барлығы жалпы түсініктен тыс… Жылдың соңындағы нақты жекпе-жек-бұл Қуат Хамитов Vs Еркебұлан Тоқтар. Қазақстандық бокс индустриясында бұдан артық есімдер жоқ!”, – деді Қуат Хамитов.
Бұл жазбаға Еркебұлан Тоқтарда өз пікірін білдіріп, Хамитовты жеңетініне сенімділік білдірді:
“Мен кешірім сұраймын әрине, бірақ, бокстан ұрып жіберем братан”, – деп жазды Еркебұлан.
Айта кететін жәйт, Қуат Хамитов әзірге кәсіпқой бокста бір жекпе-жек өткізді. Былтыр күзде төрешілердің шешімімен “Найман” Нұрберген Шәріповты жеңген еді.