Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 11:00

UFC ұйымы жуырда жартылай орта салмақтағы жаңа рейтингті ұсынды.

Sports.kz
Реклама
Реклама

UFC жартылай орта салмақ бойынша жаңартылған рейтингті жариялады. Қазақстандық жұлдыз Шавкат Рахмонов өз орнын сақтап, әлемнің үздік үштігінде қалды. Енді оның басты мақсаты – чемпиондық айқас.

Қазір бұл дивизионда чемпион – австралиялық Джек Делла Маддалена, ал одан кейін Белал Мұхамад пен Шон Брэди орналасқан.

Шавкат соңғы рет 2024 жылы жекпе-жек өткізген еді, содан кейін жарақат салдарынан уақытша октагоннан тыс қалды. Бірақ оның есімі әлі күнге дейін чемпиондық айқасқа басты үміткерлер қатарында.

Рейтингтегі өзгерістер мен жаңа есімдер

UFC жаңартылған тізімінде кейбір спортшылардың орындары өзгерді.

  • Габриэл Бонфим төрт сатыға көтеріліп, 10-орынға шықты;
  • Ал Колби Ковингтон, Гилберт Бёрнс, Джефф Нил және Дэниэл Родригес бір-бір орынға төмендеді.

Айта кетейік, 16 қарашада UFC 324 турнирінде Джек Делла Маддалена чемпиондық белбеуін Ислам Махачевке қарсы қорғайды. Бұл айқастың нәтижесі Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласын анықтауы мүмкін.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары