Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Жәнібек Әлімханұлы допинг-тест нәтижесін жариялады

Сарапшы, спорт журналисі
12.11.2025, 17:44

Орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы алдағы үш чемпиондық белбеу үшін өтетін жекпе-жекке дайындық аясында маңызды жаңалығын жариялады.

Instagram/@janibek_alimkhanuly
Реклама
Реклама

«Біз таза спортты қолдаймыз» — Жәнібек Әлімханұлы

Боксшы жекпе-жекке бір айдан аз уақыт қалғанда допинг сынамасынан өткенін хабарлады. Бұл туралы ол өзінің Instagram Stories парақшасында бөлісіп, қан сынамасын тапсырған сәтінен сурет жариялаған.

«Мен таза спортты қолдаймын. Спортшылардың допинг қолдануына қарсымын! Біз VADA тестін тапсырдық, және кеше нәтижесі келді — бәрі таза», — деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.

Үш белбеу үшін шайқас

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін WBA тұжырымының чемпионы, кубалық Эрисланди Лараға қарсы өткізеді. Тарихи айқас 6 желтоқсанда АҚШ-тың Сан-Антонио (Техас штаты) қаласында өтеді. Қазақстан уақытымен бұл кездесу 7 желтоқсанның таңында көрсетіледі.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары