«Ағайынды Сабырхандар жоқ!» — Әлем кубогы финалына қатысатын боксшылар анықталды
Қазақстан ұлттық құрамасы 16–20 қарашасы аралығында Үндістан астанасы Нью-Делиде өтетін World Boxing әлем кубогы финалына қатысады.
Қазақстанның толық құрамы
Бұл додада ел намысын 13 боксшы қорғайды — 8 ер және 5 әйел.
Ерлер:
- 50 кг – Нұрзат Оңғарұлы
- 55 кг – Нұрсұлтан Алтынбек
- 70 кг – Нұрбек Мұрсал
- 75 кг – Аман Қонысбеков
- 80 кг – Санжарәлі Бегалиев
- 85 кг – Сұлтанбек Айбарұлы
- 90 кг – Бекзат Таңатар
- +90 кг – Даниял Сапарбай
Әйелдер:
- 48 кг – Ақбота Болат
- 51 кг – Жансая Рахымберді
- 57 кг – Ұлжан Сарсенбек
- 80 кг – Диана Мағауияева
- +80 кг – Әсел Тоқтасын
Жаңа есімдерге басымдық берілді
Бұл тізімде ел спорт жанкүйерлерін таңқалдырған бір жайт бар. Ағайынды Сабырхандар құрамада жоқ. Бұған дейін олардың халықаралық жарыстардағы табысты өнері көпшіліктің назарында болған еді.
Енді ұлттық құрамада жас буын боксшыларына мүмкіндік беріліп, жаңа есімдерге жол ашылып отыр.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.