Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Кроуфорд және Усик Өзбекстанға бокс кешіне келді

Сарапшы, спорт журналисі

Қос чемпион 14 қараша күні Ташкенттегі бокс кешінің құрметті қонақтары болады.

 

Кроуфорд және Усик Өзбекстанға бокс кешіне келді
Коллаж

Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Теренс Кроуфорд пен суперауыр салмақтағы абсолютті чемпион Александр Усик Өзбекстанға келді.

Қос чемпион 14 қараша күні Ташкенттегі «Хумо Аренада» өтетін бокс кешінің құрметті қонақтары болады.

Басты жекпе-жек

Бұл күні кештің басты бәсекесінде екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов (16-0, 14 КО) жеңілмеген нигериялық Соломон Адебайомен (14-0, 13 КО) кездеседі. Жкпе-жек сегіз раундқа есептелген.

Бірлескен басты айқас

2016 жылғы Олимпиада ойындарының финалисі Шахрам Ғиясов (17-0, 11 КО) жартылай орта салмақта ресейлік Марк Урвановпен (25-4-2, 11 КО) қолғап түйістіреді.

Жас чемпиондар айқасы

2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы Лазизбек Муллажонов (6-0, 6 КО) суперауыр салмақтағы нигериялық Монясаху Муритадормен (6-3-2, 5 КО) кездеседі. 38 жастағы украин боксшысы бір де бір рет жеңілмеген, алдымен бірінші ауыр, кейін суперауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атанды.

Усик пен Кроуфорд жайлы

Биыл шілде айында Усик америкалық Даниэль Дюбуаға (22-3, 21 КО) қарсы өткен реваншта қарсыласын нокаутқа жіберіп, суперауыр салмақтағы абсолютті чемпион атағын қайта иеленді. Енді оның келесі жекпе-жегі ММА ережесі бойынша америкалық блогер Джейк Полмен (12-1, 7 КО) өтуі мүмкін. Ал Теренс Кроуфорд жақында ғана орта салмақта қос белбеу иегері қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (WBO, IBF) арнап мәлімдеме жасап:

«Мен сені бақылап жүрмін, Жәнібек», - деген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір