Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақ пен тәжік боксшысы WBA белбеуі үшін жұдырықтасады

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Армат Арманұлы (5-1, 4 КО) келесі жекпе-жегінде Авзалбек Құранбаевпен (11-1-1, 8 КО) жұдырықтасады.

Қазақ пен тәжік боксшысы WBA белбеуі үшін жұдырықтасады
instagram/@irfin_promotions

Армат Арманұлының қарсыласы анықталды

Бұл кездесу 20 желтоқсанда Алматыда өтеді және орта салмақтағы WBA Asia чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.

«Қазақ жауынгері» мен «Питбуль Тайсон» лақап атымен танымал Құранбаев арасындағы айқас аймақтық деңгейде үлкен қызығушылық тудырып отыр.

Авзалбек Құранбаев — бұрынғы чемпион

Айта кетсек, тәжікстандық боксшы бұған дейін бірінші орта салмақта WBA Asia белбеуін иеленген. Енді ол бір дивизион жоғары көтеріліп, жаңа титулға таласқалы отыр.

Сол кештің басты оқиғасы — қазақстандық Елшат Нығметолла (21-0-2, 8 КО) мен филиппиндік Алвин Камике (11-4, 6 КО) арасындағы титулдық айқас болмақ.

Нығметолла өз WBA Asia титулын жеңіл салмақта қорғайды. Бұл жекпе-жек те аймақтық чемпиондықтың тағдырын шешетін маңызды кездесу болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір