ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Визасы жоқ чемпион! Қазақстандық боксшы Египеттегі жекпе-жегіне әрең ұшып кетті

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, IBO нұсқасы бойынша екінші жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Ангелина Лукас Каирге барар жолда күтпеген қиындыққа кезікті.

Визасы жоқ чемпион! Қазақстандық боксшы Египеттегі жекпе-жегіне әрең ұшып кетті
Instagram/@angelina_lukas1997

Әлем чемпионы Египетке визасыз ұшуға мәжбүр болды

Боксшы Instagram парақшасында өзінің Египет астанасына визасыз ұшуға мәжбүр болғанын хабарлады.

«Маған виза беруді бірнеше аптаға кешіктірді. Бірақ жекпе-жек уақыты таяп қалғандықтан, мен бәрібір жолға шығуға тура келді», — деп жазды Лукас.

Консул мен федерация көмектесті

Ангелина Египетке жету үшін Қазақстанның консулы мен Египет кәсіпқой бокс федерациясының өкілдерімен байланысып, ел аумағына кіруге арнайы рұқсат алған.

Нәтижесінде спортшыға виза Каир әуежайына келген соң қойылған.

«Бұл сапар оңай болған жоқ, бірақ мақсат — белбеуді қорғау. Барлық қиындық артта қалды», — деп жазды боксшы өз парақшасында.

14 қараша күні Каирде өтетін айқаста Ангелина Лукас АҚШ спортшысы Кэрин Реннимен күш сынасады.

Бұл жекпе-жекте екі белбеу сарапқа салынады:

  • IBO әлем чемпионы атағы
  • WBA Gold World титулы
Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.