Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов ұлттық құраманың алдағы жоспарлары туралы айтты.
«Ерлер құрамасының бірінші және екінші нөмірлі боксшылары қараша айының соңында Ташкентке аттанады. Онда Өзбекстан, Қырғызстан және Таиланд құрамаларымен бірлескен оқу-жаттығу жиыны өтеді.
Ал әйелдер құрамасы жыл соңына дейін өз жоспарына сай дайындықты жалғастырады», — деді Ақшалов.
16–20 қараша аралығында Үндістанда World Boxing кубогының соңғы кезеңі өтеді.
Қазақстан атынан бұл жарысқа құраманың екінші және үшінші нөмірлі боксшылары қатысады.
Бұл шешім бас құраманың жетекші боксшыларына жаңа маусым алдындағы дайындықты күшейтуге мүмкіндік береді.
Қазір Қазақстан құрамасының көшбасшылары болып әлем және ел чемпиондары саналатын спортшылар танылып отыр.
Ливерпульде өткен World Boxing әлем чемпионатының жеңімпаздары: