Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Рахмонов–Махачев? Шавкаттың командасы мәлімдеме жасады

Сарапшы, спорт журналисі
17.11.2025, 08:33

Естеріңізге салсақ, Ислам Махачев жартылай орта салмақтың жаңа чемпионы атанды.

Коллаж
Реклама
Реклама

Шавкат Рахмонов өнер көрсететін DAR Team ұйымының баспасөз қызметі қазақстандық файтердің Ислам Махачевпен жекпе-жек өткізу ықтималдығына қатысты мәлімдеме жасады.

«Барлығы осы оқиғаға қарай келе жатқан сияқты ғой, солай ма?» - делінген команданың Instagramағы ресми парақшасында жарияланған жазбада.

Еске салайық, Астана уақытымен кеше таңертең Ислам Махачев Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden аренасында өткен UFC 322 турнирінің басты жекпе-жегінде аустралиялық Джек Делла Маддаленаны төрешілердің ортақ (50:45) шешімімен жеңіп, жартылай орта салмақтың жаңа чемпионы атанды.

Дәл осы дивизионда өнер көрсететін Шавкат «Номад» Рахмонов UFC рейтингінде қазіргі таңда үшінші орында тұр.

Шавкаттың өзі Маддаленаны жеңген Махачевті құттықтап, үндеу жасаған болатын.

Шавкаттың соңғы жекпе-жегі

Еске сала кетсек, «Номад» соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсанында өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің ортақ шешімімен жеңген еді. Сол кезден бері Рахмонов ауыр жарақатына байланысты октагонға шыққан жоқ. Әзірге жерлесіміздің келесі айқасы қашан өтетіні белгісіз.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары