Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Шавкат Рахмонов UFC белбеуін жеңген Ислам Махачевқа үндеу жасады

Сарапшы, спорт журналисі

Қазіргі таңда Шавкат «Номад» Рахмонов UFC рейтингінде үшінші орында тұр.

Шавкат Рахмонов UFC белбеуін жеңген Ислам Махачевқа үндеу жасады
Коллаж Offside.kz

UFC-де жартылай орта салмақта (77,1 келі) өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов Джек Делла Маддаленаны жеңіп, чемпиондық атақты иеленген Ислам Махачевке үндеу жасады.

«Исламды жоғары деңгейде өнер көрсетуімен құттықтаймын. Бірақ 170 фунт салмақ дәрежесіндегі басты сын-қатер мен екенімді ұмытпаңдар», - деп жазды Рахмонов өзінің X (бұрынғы Twitter) парақшасында.

Еске салайық, Астана уақыты бойынша бүгін таңертең Махачев Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен UFC 322 турнирінің басты жекпе-жегінде Делла Маддаленаны төрешілердің ортақ (50:45) шешімімен жеңіп, жартылай орта салмақтың жаңа чемпионы атанды.

Айта кетейік, дәл осы дивизионда өнер көрсететін Шавкат «Номад» Рахмонов қазіргі таңда UFC рейтингінде үшінші орында тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір