Қазақстан World Boxing әлем кубогында медаль жеңіп алды
Нью-Дели (Үндістан) қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымдастырған әлем кубогының финалдық кезеңінде қазақстандық боксшы Санжарәлі Бегалиев алғашқы жекпе-жегін сәтті аяқтады.
Instagram/@boxingkazakhstan
Ширек финалда отандасымыз Оңтүстік Корея боксшысы Ким Мин Сён кездесті. Санжарәлі рингте айқын басымдық танытып, төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.
Бұл жекпе-жек Бегалиевтің сенімді техникасы мен жылдамдығын тағы бір дәлелдеді.
Осылайша Санжарәлі Бегалиев турнирдің жартылай финалына шықты. Бұл нәтиже оған кем дегенде қола медальды қамтамасыз етеді.
Айта кетейік, Нью-Делидегі финалдық кезеңде Қазақстан ерлер құрамасы сегіз салмақ дәрежесінде өнер көрсетуде.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet