Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстандық дзюдошылар Токиода екі "алтын" жеңіп алды

Сарапшы, спорт журналисі

Бұдан бөлек, отандасымыз бір қола медаль алды. 

Қазақстандық дзюдошылар Токиода екі "алтын" жеңіп алды
Lada.kz

Жапония астанасында өтіп жатқан Сурдлимпиада ойындарында қазақстандық дзюдошылар тамаша нәтиже көрсетті. Отандастарымыз екі алтын және бір қола медаль жеңіп алды. Бұл жеңіс — ел құрамасының тарихындағы ең табысты нәтижелердің бірі.

66 келі салмақта өнер көрсеткен Хамза Гулама финалда алжирлік Бухидель Абдеррахманды иппонмен жеңіп, турнир чемпионы атанды. Оған қоса, 73 келіде ел намысын қорғаған Шадияр Қуандық та финалда оңтүстіккореялық Хванг Хенді таза жеңіспен ұтты. Осылайша, қос дзюдошы алтын медальді қатарынан ел қоржынына салды.

Әйелдер арасындағы жүлде

Қазақ дзюдосының табысты күнін Айым Жетпісбаева толықтырды. Ол әйелдер арасындағы сайыста қола медаль иеленіп, Қазақстан құрамасының жалпыкомандалық нәтижесіне үлес қосты.

XXV Сурдлимпиада ойындары 15–26 қараша аралығында Токио қаласында өтуде. Биылғы жарысқа 81 елден 3 000-ға жуық спортшы қатысып жатыр. Бағдарламада 21 спорт түрі бойынша 209 жарыс өткізіледі. Қазақстан сапында 78 атлет өнер көрсетіп, сегіз спорт түрінен бақ сынауда.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір