Айта кетейік, қазір 43 жастағы қазақстандық боксшы World Boxing ұйымының президенттігіне үміткер.
Орта салмақтағы екі дүркін әлем чемпионы Геннадий Головкин әлі де рингке оралуы мүмкін екенін мәлімдеді. Ол World Boxing ұйымын басқаруға ұмтылса да, бокстан толық кету туралы шешімінің бір ғана шарты бар екенін айтты.
43 жастағы қазақстандық бокс аңызы соңғы рет 2022 жылы Сауль «Канело» Альвареске қарсы шықан еді. Содан бері жұдырықтасқан жоқ. Бірақ ресми түрде мансабын аяқтағанын да жарияламады.
Қазіргі уақытта GGG World Boxing ұйымының президенттігіне үміткер. Жуырда BBC Sport-қа берген сұхбатында ол болашақ жоспарын бөлісті.
"Егер менің кандидатураымды бекітсе, мен, үлкен ықтималдықпен, ресми түрде мансабымды аяқтағанымды жариялаймын. Бірақ... қайта оралу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Қазір де формада жүрмін, спорттық өмір салтын ұстанамын — рингке қайта шығу мүмкіндігім әлі де бар.".
Головкин қазір World Boxing ұйымының Олимпиадалық комиссиясын басқарады. 23 қарашада Римде өтетін сайлауда ол грек функционері Мариолис Харилаоспен бақ сынайды.
GGG Олимпиададағы бокстың қазіргі жағдайына алаңдаулы. Спортшы бұл бағыттағы жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын екенін атап өтті.
"Бокс – менің өмірімнің ажырамас бөлігі, ал қазіргі олимпиялық бокстың жағдайы мені қанағаттандырмайды. Жағдай қауіпті, LA28-ден кейін боксты алып тастау қаупі бар".