Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Санжарәлі Бегалиев - әлем кубогының қола жүлдегері

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 16:24

Қазақстан құрамасының боксшысы Санжарәлі Бегалиев Нью-Делидегі World Boxing Кубогында жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді.

sportarena.kz
Реклама
Реклама

Нью-Делиде өтіп жатқан World Boxing Кубогының жартылай финалында Санжарәлі Бегалиев төрешілер шешімімен финалға өте алмады. Қазақстандық боксшыға «қола» бұйырды.

80 кг салмақ дәрежесінде ол Ұлыбритания өкілі Оладимеджи Шиттуге қарсы шаршы алаңға шықты.

Бірінші раундта Шитту толық басымдық танытып, төрешілерден 5:0 ұпайын алды. Екінші раундта да британдық боксшы басым болды — 3:2. Жекпе-жек соңында төрешілер бірауыздан жеңісті Шиттуге берді. Осылайша ол финалға жолдама алып, Санжарәлі Бегалиев турнирді «қола» медальмен аяқтады.

Айта кетейік, Санжарәлі бұл турнирді жоғары қарқынмен бастаған болатын. Алғашқы кездесуінде ол Оңтүстік Корея боксшысы Ким Мин Сёнды айқын басымдықпен жеңді, бұл оның жартылай финалға сенімді өтуіне мүмкіндік берді.

Естеріңізге сала кетейік, World Boxing ұйымдастырған Кубок Нью-Делиде 20 қарашаға дейін жалғасады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары