Казақстандық боксшы Диана Мағауяева Үндістан астанасы Нью-Делидегі әлем кубогының финалдық кезеңінде жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді.
Мағауяева 80 келіге дейінгі салмақта финалға шығу үшін 2025 жылғы әлем чемпионы, Польшаның мықты өкілі Агата Качмарскамен қолғап түйістірді.
Үш раунд бойы айқын басымдық танытқан польшалық қыз қазылар тарапынан бір ауыздан (5:0) жеңімпаз деп танылды. Осылайша Диана финалға өте алмай, турнирді қола медальмен аяқтады.
Диана Мағауяева — 2024 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері.
Бокстан әлем кубогының финалдық кезеңі 20 қарашаға дейін созылады.
Қазақстан бұл жарыста ерлер және әйелдер құрамаларымен толық құрамда өнер көрсетіп жатыр.