Отандасымыз ақтық белдесуде ирандық спортшыдан айласын асыра алмады.
Эр-Риядта өтіп жатқан Исламиада-2025 жарысында қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан екі сенсациялық жеңіске қарамастан, финалда ирандық Олимпиада жүлдегері Амирали Азарпираға жол берді.
Азарпира — 2024 жылғы Олимпиаданың қола, ал 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Ол Эр-Риядқа басты фаворит ретінде келген болатын.
Белдесу 0:5 есебімен (0:3, 0:2) ирандық спортшының пайдасына аяқталды. Ризабек соңына дейін күресіп баққанымен, қарсыласының тәжірибесі мен физикалық қуаты басым түсті.
Қазақ балуаны жарыс барысында мықты қарсыластарын сенімді түрде жеңіп, финалға жол ашты:
Ал оның қарсыласы Амирали Азарпира өз жолында ешбір қарсыласына мүмкіндік бермей, үш белдесуді де техникалық жеңіспен аяқтады:
Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан Исламиада ойындарына алғаш рет қатысты.