UFC аясында өтетін жекпе-жек отандасымыз үшін жетінші айқас болғалы тұр. Қарсылас америкалық файтер
Қазақ файтері Асу Алмабаев пен америкалық Алекс Перес Дохада өтетін UFC Fight Night 265 турнирі алдында ресми салмақ өлшеу және көз арбасу рәсімі өтті.
UFC ұйымының ережесіне сай өткен ресми өлшеуде:
Аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі (flyweight) лимит 125 фунт (56,70 кг). Десе де, титулдық емес кездесулерде артық салмаққа рұқсат етіледі. Салмақ өлшеу рәсімінен кейін екі спортшы дәстүрлі көз арбасты.
Бұл кездесу Асу Алмабаев үшін UFC-дегі жетінші жекпе-жек болмақ. Оның ағымдағы көрсеткіші — 5 жеңіс және 1 жеңіліс.
Алмабаевтың UFC-дағы алдыңғы жекпе-жектерінде ол жылдамдық, бақылау және күрес техникасымен ерекшеленіп келеді. Қазақ файтері жеңіс сериясын жалғастыруға ниетті.
Ал Алекс Перес — UFC жанкүйерлеріне жақсы таныс файтер. Ол ұйымның топ-10 рейтингісінде болған және бұрынғы титулдық жекпе-жек қатысушысы.
Перестің кәсіби рекорды — 25 жеңіс және 9 жеңіліс. Оның басты артықшылығы — жылдам комбинациялар мен жоғары дәлдік.