Исламиада-2025: Балуандарымыз қоржынға қанша медаль салды?
21.11.2025, 21:03
Өкініштісі сол, балуандарымыздың ешқайсысы алтын медаль ала алмады.
sportarena.kz
Эр-Риядта өткен Исламиада-2025 жарысында қазақстандық балуандар екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Алты спортшының бесеуі жүлдегер атанды.
Спортшылардың жетістігі төмендегідей:
Грек-рим күресі:
-
Ислам Евлоев (87 кг) — күміс медаль;
Еркін күрес
- Ризабек Айтмұхан (97 кг) — күміс медаль;
- Нұрқожа Қайпанов (74 кг) — бесінші орын.
Әйелдер күресі:
- Зейнеп Баянова (53 кг) — қола медаль;
- Ирина Казюлина (68 кг) — қола медаль;
- Эльмира Сыздыкова (76 кг) — қола медаль.
Осылайша, алты балуанның бесеуі Исламиада жүлдегерлері қатарынан көрінді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама