Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Күміске" қанағат. Ризабек Айтмұхан финалда жеңіліп қалды

Сарапшы, спорт журналисі

Отандасымыз ақтық белдесуде ирандық спортшыдан айласын асыра алмады. 

"Күміске" қанағат. Ризабек Айтмұхан финалда жеңіліп қалды
olympic.kz

Эр-Риядта өтіп жатқан Исламиада-2025 жарысында қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан екі сенсациялық жеңіске қарамастан, финалда ирандық Олимпиада жүлдегері Амирали Азарпираға жол берді. 

Азарпира — 2024 жылғы Олимпиаданың қола, ал 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Ол Эр-Риядқа басты фаворит ретінде келген болатын.

Белдесу 0:5 есебімен (0:3, 0:2) ирандық спортшының пайдасына аяқталды. Ризабек соңына дейін күресіп баққанымен, қарсыласының тәжірибесі мен физикалық қуаты басым түсті.

Айтмұханның финалға дейінгі жолы

Қазақ балуаны жарыс барысында мықты қарсыластарын сенімді түрде жеңіп, финалға жол ашты:

  • 1/8 финал: Мұхамед Мұстафа Али Эльшами Салахелдин (Мысыр) – 10:0
  • 1/4 финал: Магомедхан Магомедов (Әзірбайжан) – 12:2
  • Жартылай финал: Ахмед Тажудинов (Бахрейн) – 15:3

Ал оның қарсыласы Амирали Азарпира өз жолында ешбір қарсыласына мүмкіндік бермей, үш белдесуді де техникалық жеңіспен аяқтады:

  • 1/8 финал: Икбал Ахмади (Ауғанстан) – 11:0
  • 1/4 финал: Мұхаммад Гүлзар (Пәкістан) – 11:0
  • Жартылай финал: Рифат Эрен Гидак (Түркия) – 11:0

Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан Исламиада ойындарына алғаш рет қатысты. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір