Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Геннадий Головкин World Boxing ұйымын басқарады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 22:36

Бұл туралы ресми түрде 2025 жылы 23 қараша күні Римде өтетін конгресте жарияланады. 

Vesti.kz
Реклама
Реклама

Аңызға айналған қазақстандық боксшы Геннадий Головкин  World Boxing ұйымының президенті атанады. Бұл туралы ресми түрде 2025 жылы 23 қараша күні Римде өтетін конгресте жарияланады. 

World Boxing ұйымының ресми мәлімдемесіне сәйкес, Тәуелсіз тексеру комиссиясының шешімінен кейін Геннадий Головкин басшылыққа үміткер ретінде бірден-бір кандидат болып қалды.

Головкиннің президенттік қызметке 2025 жылғы 23 қарашада Рим қаласында өтетін World Boxing конгресінде ресми кіріседі. Сол күні ол қазіргі президент Борис ван дер Ворсттан өкілеттілікті қабылдап, ұйымның жаңа басшысы ретінде жұмысын бастайды. Конгресс барысында делегаттар сондай-ақ бір вице-президент пен екі атқарушы кеңес мүшесін сайлайды.

Айта кетейік, World Boxing ұйымы 2023 жылы сәуірде құрылды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары