Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Бекзат Алмахан қатысқан UFC жекпе-жегі нокдаунмен аяқталды

Сарапшы, спорт журналисі
22.11.2025, 21:43

Қазақстандық ММА жауынгері Бекзат Алмахан UFC Fight Night 265 турнирінде грузин файтері Александр Топуриямен октагон бөлісті. 

sports.kz
Реклама
Реклама

Қарсыластар тартысты айқас көрсетті

Дохада (Катар) өткен кеш бағдарламасына енген жекпе-жек үш раундқа жоспарланған еді. Бекзат Алмахан (12-2) Грузия өкілі Александр Топуриямен (6-1) күш сынасты.

Үш раундқа созылған айқас жанкүйерлер күтгендей қызу өтті. Соңында төрешілер бірауыздан жеңісті Топурияға берді.

Шешуші сәт – үшінші раундтағы нокдаун

Жекпе-жектің үшінші бөлігінде Алмахан нокдаунға түсті. Бұл эпизод қарсыластың ұпай тұрғысынан айқын басым болуына әсер етіп, шешімді жеңіске жол ашты.

Топурия үшін жекпе-жек кәсіби мансабындағы 7-ші жеңіс болды. Ол UFC-де қатарынан екі жеңіске жетіп, ұйымдағы рекордын 2-0 деңгейіне жеткізді.

Ал Бекзат Алмахан үшін бұл UFC-дегі үшінші жеңіліс. Қазақстандық файтердің промоушендегі көрсеткіші енді 1-2.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары