Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Сәкен Бибосынов әлем чемпионатын ірі жеңіспен бастады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
06.12.2025, 22:47

IBA 2025 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының боксшысы Сәкен Бибосынов алғашқы айқасын өткізді.

Instagram/@sakenbibosinov
Реклама
Реклама

1/16 финалда еш мүмкіндік қалдырмады

Бибосынов 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатыр. Ол турнирді бірден 1/16 финалдан бастады. Алғашқы жекпе-жекте Сәкеннің қарсыласы Ботсвана елінің өкілі Катлего Кеорапеце болды.

Қазақстандық боксшы барлық раундта басым болды. Жекпе-жек соңында төрешілер бірауыздан Сәкеннің жеңісін тіркеді..

Бибосыновтың жетістіктері: Олимпиада жүлдегері және әлем чемпионы

Сәкен Бибосынов – әуесқой бокстағы ең табысты қазақстандық боксшылардың бірі. Оның негізгі жетістіктері:

  • Токио-2020 Олимпиадасының қола жүлдегері;
  • 2021 жылғы әлем чемпионы;
  • 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері;
  • 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері;
  • 2021 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері.

Осындай титулдар жиынтығы Сәкеннің кез келген әлемдік турнирде фаворит саналуына толық негіз береді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары