Қазақстанның үш дүркін чемпионы әлемді бағындыруға кірісті
06.12.2025, 23:13
Дубайдағы IBA әлем біріншілігінде Даниял Сәбит алғашқы жекпе-жегін толық үстемдікпен аяқтады.
instagram/@daniyal_sabit
Даниялдың енімді жеңісі
Сәбит 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді және турнирді бірден 1/16 финалдан бастады. Бұл кезеңдегі қарсыласы – кениялық боксшы Кельвин Майна болды.
Жекпе-жек толық қашықтыққа созылғанымен нәтиже даусыз болды. Қазылар алқасы бір ауыздан Даниял Сабиттің жеңісін тіркеді. .
Даниял Сәбиттің жетістіктері
Даниял Сәбит – тәжірибелі әуесқой боксшы, оның еншісінде бірқатар маңызды табыстар бар:
- 2021 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері;
- Қазақстанның үш дүркін чемпионы.
Осы жетістіктер оның ұлттық құрама сапына кездейсоқ келген боксшы емес, ел ішіндегі және құрлықтық деңгейдегі үздіктердің бірі екенін көрсетеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама