IBA ӘЧ: Қазақ боксшылары сегізінші жеңісін тіркеді
07.12.2025, 00:44
Қазақстан құрамасының мүшесі Серік Теміржанов Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған әлем чемпионатында моңғол боксшысына еш мүмкіндік берген жоқ.
olympic.kz
Азия чемпионын 5:0 есебімен ұтты
Теміржанов 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/16 финалда моңғол боксшысы, екі дүркін Азия чемпионы Цэндбаатар Эрдэнэбатпен кездескен.
Жекпе-жек толық қашықтыққа созылғанымен қазылардың шешімі бір ауыздан болды. Осылайша Серік айқас барысында тактика, жылдамдық және дәлдікте қарсыласынан бір бас жоғары екенін дәлелдеді.-
Қазақстанның жеңісті сериясы
Бұл жеңіс Қазақстан құрамасы үшін ерекше маңызға ие. Себебі қазақстандық боксшылар ӘЧ-2025 турнирінде қатарынан сегізінші рет жеңіске жетті.
Бұған дейін өз жекпе-жектерінде келесі боксшылар да жеңіске жеткен еді:
- Даниял Сәбит — 51 кг
- Сәкен Бибосынов — 54 кг
- Санатәлі Төлтаев — 67 кг
- Сабыржан Аққалықов — 75 кг
- Ерасыл Жақпеков — 80 кг
- Дәулет Төлемісов — 86 кг
- Нурмагамед Юсупов — 92 кг
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама