Жәнібек Әлімханұлымен айқаса алмаған чемпион қарсыласын тас-талқан етті (ВИДЕО)
Әу-баста кубалық боксшы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасуы керек еді.
WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Эрисланди Лара Сан-Антониода өткен бокс кешінде Йохан Гонсалесті ұтып, атағын сенімді қорғады. Бұл кездесу Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына байланысты соңғы сәтте өзгерген болатын.
Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған еді және ол соңына дейін жалғасты. Төрешілердің шешімі — толықтай чемпион пайдасына:
- 118–108
- 119–107
- 120–106
Кубалық боксшы жекпе-жек барысында Гонсалесті екі рет нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осылайша, Лара кәсіби рингтегі 32-жеңісіне қол жеткізіп, чемпиондық белбеуін сақтап қалды. Ал Гонсалес үшін бұл — мансабындағы 5-ші жеңіліс.
Жәнібек Әлімханұлына қатысты дау
Бастапқы жоспар бойынша, Лараның қарсыласы WBO/IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) болуы тиіс еді.
Алайда жекпе-жекке бірнеше күн қалғанда VADA сынамасы қорытындысынан мельдоний табылып, қазақстандық боксшының тесті оң нәтиже көрсетті. Соның салдарынан:
- Біріктірілген үш белбеу үшін өтетін супер жекпе-жек өтпейтін болды;
- Лараға жедел түрде жаңа қарсылас — Йохан Гонсалес табылды.