Бокстан ӘЧ: Бүгін үш отандасымыз жұдырықтасады
07.12.2025, 12:00
Қазақстан құрамасының үш боксшысы 7 желтоқсанда Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан IBA нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлем чемпионатында рингке шығады.
olympic.kz
Оразбек Асылқұлов – кештің алғашқы жекпе-жегі
Күндізгі сессияда бірінші болып 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Оразбек Асылқұлов шаршы алаңға шығады.
- Басталуы: 18:00, Қазақстан уақытымен
- Қарсыласы: Кабо-Верде елінің боксшысы Элизандру Саншеш да Силва
Ертуған Зейнуллинов – моңғол қарсыласымен түнгі айқас
Кешкі сессия Астана уақытымен 22:00-де басталады. Осы бағдарлама аясында 63,5 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Ертуған Зейнуллиновтың жекпе-жегі түнгі уақытта өтеді.
- Шамамен басталу уақыты: 23:45
- Қарсыласы: Моңғолия боксшысы Даваадалай Алтангэрэл
Абылайхан Жүсіпов – түнгі басты жекпе-жек
Қазақстан жанкүйерлері ерекше күтетін айқастардың бірі – 71 келіге дейінгі салмақтағы тәжірибелі боксшы Абылайхан Жүсіповтің жекпе-жегі. Ол кештің соңына қарай рингке көтеріледі.
- Шамамен басталуы: 00:45
- Қарсыласы: Армения өкілі Арарат Арутюнян
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама