Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Тағы бір қазақ жауынгері UFC-де дебют жасайды: қарсылас белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі
07.12.2025, 13:00

Қазақ файтері Әліби Ыдырыс (10-1) UFC-дегі дебюттік жекпе-жегінде кімге қарсы тұратыны белгілі болды.

Сурет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

Аралас жекпе-жек бойынша инсайдер және Eurosport Nederland журналисі Марсель Дорффтің мәліметінше, Әліби ямайкалық файтер Оди Осборнмен (13-9) кездеседі. Ол қазақстандық жанкүйерлерге Асу Алмабаевпен болған жекпе-жегі арқылы таныс — «Зульфикарға» төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңілген. Ыдырыс — Осборн арасындағы найлегчайший салмақтағы жекпе-жек 21 ақпанда АҚШ-тың Техас штаты, Хьюстон қаласында өтетін UFC турнирінде ұйымдастырылады.

Еске салайық, 17 тамыз күні АҚШ-тың Чикаго қаласында өткен UFC 319 турнирінде Әліби Ыдырыс мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырап, TUF шоуының финалында америкалық Джозеф Моралеске (14-2) сабмишнмен есе жіберген болатын. Алайда біраз уақыттан кейін Қазақстан өкілі UFC-мен төрт жекпе-жекке арналған контрактқа қол жеткізді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары