Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Мераб Двалишвили қанды айқастан кейін ауруханаға жеткізілді

Сарапшы, спорт журналисі
07.12.2025, 15:42

Чемпиондық белбеу үшін болған жекпе-жек бес раунд толық өткен еді.

Фото: UFC
Реклама
Реклама

UFC-дің бұрынғы жеңіл салмақ чемпионы Мераб Двалишвили Петр Янмен өткен титулдық айқасты өте ауыр жағдайда аяқтады.

Жекпе-жек біткен бойда грузин спортшысына дәрігерлердің көмегі қажет болып, ол аренадан жедел жәрдем көлігімен жөнелтілді. Онымен бірге октагоннан Алджамейн Стерлинг те шықты. Двалишвили желіде жедел жәрдем ішінен видео жариялап, Стерлингпен бірге ауруханаға бара жатқанын айтты.

Ол Stories-те: «Бүгін менің күнім болмады, бірақ бұрынғыдан да мықты боп ораламын. Қолдау білдіргендердің бәріне рақмет», - деп жазды файтер.

Бес раундқа созылған айқас төрешілер бірауыздан қабылдаған шешіммен Петр Янның жеңісімен аяқталды. Көптеген маманның ойынша айқын фаворит болған Мераб алғашқы раундтардан-ақ басымдықты қарсыласына беріп қойды. Нәтижесінде бес раундқа созылған жекпе-жекте денесінен көп жарақат алған американдық файтер қабырға жарақаттары және мұрны сыну себептерімен ауруханаға жеткізілді.

Осылайша, ресейлік спортшы өзінің жеңісті сериясын төрт жекпе-жекке ұзартып, жалпы көрсеткішін 20 жеңіс және 5 жеңіліске жеткізді. Ал 14 жекпе-жектен тұратын әсерлі сериясы үзілген Мераб Двалишвилидің де рекорды — 20 жеңіс және 5 жеңіліс.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары