Тарихтағы үшінші трагедия: Пантожа – Ван титулдық айқасы неге ауыр жарақатпен аяқталды?
Жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін өткен Алешандре Пантожа – Джошуа Ван жекпе-жегі UFC тарихына енді.
Хай-киктен кейінгі сұмдық жарақат
UFC турниріндегі негізгі титулдық жекпе-жек бірінші раундта-ақ күтпеген финалға жетті. Бразилиялық чемпион Алешандре Пантожа қарсыласына хай-кик бағыттап, жерге сәтсіз құлады. Нәтижесінде шынтағы шығып кетіп, жекпе-жекті жалғастыра алмады.
Осы сәтте Пантожа қолын ұстап, ауырсынған күйде жерге құлады. Джошуа Ван бірден қарсыласынан алыстап, қосымша соққы жасамады. Рефери жағдайды түсініп, жекпе-жекті тоқтатты
Салдарынан Ванға бірінші раундта техникалық нокаут (ТКО) арқылы жеңіс жазылды.
Титулдық айқас соққыдан емес, жарақаттан тоқтады
Бұл оқиға UFC статистикасында ерекше жолмен белгіленді. Бұл – промоушен тарихында чемпиондық белбеу үшін өтетін жекпе-жектің ауыр жарақатқа байланысты тоқтатылған үшінші жағдайы.
Ең қызығы, алдыңғы екі эпизод та басқа бір бразилиялық жұлдыз – Андерсон Силвамен байланысты болған:
- UFC 90 турнирі – Патрик Коте тізе жарақатына байланысты айқасты жалғастыра алмады.
- UFC 168 (желтоқсан 2013) – Андерсон Силва реваншта Крис Уайдманға қарсы жекпе-жекте аяғын сындырып алғаннан кейін кездесу бірден тоқтатылды.
Көзді шоқып алу, төменнен ұру немесе басқа да ережеге қайшы әрекеттер салдарынан тоқтаған жекпе-жектер бұл статистикаға кірмейді. Мұнда тек «таза» спорттық жарақаттардан үзілген титулдық айқастар туралы сөз болып отыр.
Пантожаның жеңіс сериясы үзілді, Джошуа Ван – жаңа чемпион
Пантожаның бұл жеңілісі оның керемет сериясын да үзді:
- 8 жекпе-жектен тұратын жеңісті сериясы аяқталды
- UFC белдігін төрт рет сәтті қорғаған чемпион тақтан түсті
Ал 24 жастағы Джошуа Ван UFC-дегі жаңа чемпионы атанды.