Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Петр Ян UFC чемпиондығы үшін қазақтарға алғысын айтты

Сарапшы, спорт журналисі
09.12.2025, 08:23

7 желтоқсанда Лас-Вегаста өткен UFC 323 турнирінің басты жекпе-жегінде Пётр Ян грузин файтері Мераб Двалишвилимен реванш өткізген еді. 

matchtv.ru
Реклама
Реклама

UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Пётр Ян тарихи реванштан кейін өз жеңісіне үлес қосқан адамдарға алғыс білдірді. Ресейлік файтердің жазбасында қазақ мамандары мен серіктестеріне ерекше құрмет көрсетілді.

Бұл туралы аралас жекпе-жек шебері Instagram парақшасында жазды. Онда ол өз командасындағы қазақ мамандарының рөлін ерекше атап өтті.

«Барлық жанкүйерлерге сәлем! Бұл жазбада дайындыққа атсалысқан баршаға рахмет айтқым келеді! Арнайы алғысым — менің бапкерім Қайрат Нұрмағанбетовке. Ол — кикбокстан Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері, өте мықты маман. Біз 15 жылдан бері таныспыз. Оның кәсібилігіне, дайындығына риза болдым», — деп жазды Ян.

Файтер сондай-ақ спарринг-серіктестеріне — Шарапудин Магомедовке, Курбан Гаджиевке және Сарварджон Хамидовке — бауырлық ризашылығын білдірді.

Командадағы қазақ өкілдері

Жекпе-жекке тікелей қатысқан қазақстандықтар:

  • Саят Абдрахманов — Пётр Янның менеджері
  • Ильяс Хамзин — секунданты
  • Қайрат Нұрмағанбетов — бас бапкері

7 желтоқсанда Лас-Вегаста өткен UFC 323 турнирінің басты жекпе-жегінде Пётр Ян грузин файтері Мераб Двалишвилимен реванш өткізді. Бес раундқа созылған айқаста ресейлік спортшы сенсациялық жеңіске жетіп, жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін қайта иеленді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары