Майк Тайсон мен Флойд Мэйвезер жұдырықтаспақ
09.12.2025, 10:04
Аңыз боксшылардың айқасы наурыз айында өтеді.
rbc.ru
Бокстың қос аңызы — Майк Тайсон мен Флойд Мэйвезер қайтадан рингке оралмақ. Тайсон арнайы эфирде олардың жекпе-жегі келесі жылдың наурыз айында Африка құрлығында өтетінін мәлімдеді.
«Жекпе-жек наурыз айында Африкада өтеді. Бұл таңғаларлық шоу болады. Біз барлық рекордтарды жаңартамыз. Бұл спорт тарихындағы ең ауқымды оқиғалардың бірі болмақ», — деді Майк Тайсон An Experience With бағдарламасында.
Бұл жекпе-жек ресми титулдар үшін емес, экс-чемпиондардың жай ғана кездесуі ретінде өтеді.
Майк Тайсон туралы
Майк Тайсон:
- 59 жаста
- Профкарьерасын 2005 жылы аяқтады
- 59 жекпе-жек: 50 жеңіс (44 — нокаут), 7 жеңіліс
- 2011 жылы Халықаралық бокс даңқ залында аталды
Тайсон соңғы рет 2020 жылы Рой Джонспен жекпе-жегіне шыққан болатын. Флойд Мэйвезер 48 жаста. О мансабында 50 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. 2017 жылы кәсіби боксшы мансабын аяқтады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама