Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

ӘЧ-2025: Оразбек Асылқұлов жекпе-жегін 22 секундта аяқтады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
09.12.2025, 23:17

Отандасымыз дәл әрі жойқын соққысымен қарсыласын нокаутқа жіберді. 

NUR.KZ
Реклама
Реклама

Қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында әсерлі жеңіске қол жеткізді.

57 келі салмақтағы 1/8 финалдық айқаста Асылқұлов Эсватини елінің боксшысы Мукело Дламинимен кездесіп, жекпе-жекті бірінші раундтың басында аяқтады. Айқас бар болғаны 22 секундқа созылды. Отандасымыз дәл әрі жойқын соққысымен қарсыласын нокаутқа жіберді. 

Осылайша, Асылқұлов ширек финалға жолдама алып, медаль үшін күресті жалғастырады.

Еске сала кетейік, Оразбек Асылқұлов алғашқы кездесуінде Кабо-Верде боксшысы Элисандру Санчес да Силваны 5:0 есебімен жеңген болатын. 

Айта кетейік, IBA әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Жарыстың жалпы жүлде қоры — 8,32 миллион доллар. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары