Реклама
Реклама

Мераб Двалишвили Петр Янмен "трилогия" болатынын растады

Сарапшы, спорт журналисі
10.12.2025, 12:45

Екі жекпе-жектен кейін есеп тең, 1-1.

Фото: UFC

Жеңіл салмақта UFC белдігін иеленген бұрынғы чемпион Мераб Двалишвили келесі қарсыласының анықталғанын айтты. Айтуынша, ол Петр Янмен үшінші мәрте октагонға шығатын болды.

Двалишвилидің сөзінше, UFC оған трилогияның расталғанын жеткізген:

«UFC-дегі жігіттер хабарласып: “Қанша қажет болса, демала бер – келесі жекпе-жек Янмен, титул үшін болады” деді. Бірақ мен жазға дейін күткім келмейді. Ауыр жарақат алған жоқпын, сәуір – мен үшін ең қолайлы уақыт», — деген ол Home of Fight парақшасына.

Еске сала кетейік, UFC 323 турнирінде Мераб Двалишвили чемпиондық белдігінен айырылып, реваншта Петр Янға есе жіберген еді. Олардың алғашқы жекпе-жегінде жеңісті грузин спортшысы тіркеген болатын.

Реклама
Реклама