Дубайда (БАӘ) IBA туы астында өтіп жатқан 2025 жылғы бокстан әлем чемпионатында Сабыржан Аққалықов эффектілі нокаутпен жартылай финалға жолдама алды.
75 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Сабыржан Аққалықов ширек финалда Израиль өкілі Мирослав Капулер-Ищенкоға қарсы рингке шықты. Қазақ боксшысы қарсыласын ұзақ «барлап» жатпай, жекпе-жектің тағдырын бірден шешуді жөн көрді. Алғашқы раундтардағы алмасулардан кейін басымдықты өз қолына алды. Күшті және дәл соққылардан құрылған жойқын комбинация жасады. Нәтижесінде израильдік боксшыны таза нокаутпен құлатты.
Осылайша айқас бірінші раундта-ақ тоқтатылып, Сабыржан Аққалықов мерзімінен бұрын әлем чемпионатының жартылай финалына сенімді түрде шықты.
Бұл сында ол өзбекстандық Фазлиддин Эркинбоевпен жұдырықтасады.
Сабыржан Аққалықов жанкүйерлерге жасөспірім кезінен таныс. Ол:
Енді ол ересектер деңгейіндегі әлем біріншілігінде де мықтылар қатарына қосылып, медаль үшін басты фавориттердің біріне айналып келеді.