Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақ нокаутеры ӘЧ-да кемінде қола жүлде еншіледі (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
10.12.2025, 23:08

Оразбек Асылқұлов Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан IBA нұсқасындағы бокстан әлем чемпионаты-2025 турнирінде ширек финалдық жекпе-жегін өткізді.

vesti.kz
Реклама
Реклама

Испаниялық боксшымен айқас

Асылқұлов жартылай финалға шығу үшін Испания өкілі Карлос Мартинес Бернандомен кездесті. Үш раунд қорытындысы бойынша қазақ боксшысы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Осы нәтижемен Оразбек Асылқұлов кемінде қола медальді (жартылай финалға шығу арқылы) алдын ала қамтамасыз етті.

Асылқұловтың турнирдегі жарқын сәті: 22 секундтағы нокаут

Оразбек Асылқұлов бұған дейін 2024 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған. Ал ӘЧ-2025 турнирінің 1/8 финалында Эсватини боксшысы Мукело Дламиниді жекпе-жектің 22-секундында әсерлі нокаутпен жеңіп, көпшіліктің назарын аударған. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары