Реклама
Реклама

Курьер болып жұмыс істеген қазақ боксшысы ӘЧ жүлдегері атанды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
10.12.2025, 23:44

Дубайда (БАӘ) IBA ұйымының қолдауымен бокстан әлем чемпионаты жалғасуда. 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Ертуған Зейнуллинов Израиль өкілі Ахмад Шитвиге қарсы жұдырықтасты.

instagram/@boxingkazakhstan

Ширек финал қалай өтті?

Жекпе-жектің алғашқы секундтарынан-ақ Зейнуллинов айқастың тізгінін толық қолға алды. Қазақстандық былғары қолғап шебері әр раундта қарсыласынан белсендірек қимылдап, дәлірек соққылар жасады. Жылдам әрекет етіп, кездесудің жалпы барысын толық бақылауда ұстады. Нәтижесінде қарсыласына камбэк жасауға мүмкіндік бермеді.

Есеп 5:0 — төрешілер бірауыздан жеңісті Қазақстан боксшысына берді

Жартылай финал және кемінде медаль

Осы жеңістің арқасында Ертуған Зейнуллинов 1/2 финалға шықты және әлем чемпионатының жүлдесін (кемінде қола медаль) мерзімінен бұрын кепілдендірді.

Реклама
Реклама