Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Жақында жекпе-жек пе? Шавкат Рахмонов командасы жұмбақ жазба жариялады

Сарапшы, спорт журналисі
12.12.2025, 09:57
Meta-ratings.kz
Реклама
Реклама

Қазақстандық UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновтың командасы әлеуметтік желіде жазба жариялап, аралас жекпе-жек жанкүйерлерін елең еткізіп қойды. 

Instagram желісіндегі Darteaм парақшасында Рахмоновтың жарқын сәттері мен оның ықтимал болашақ қарсыласы — UFC жартылай орта салмағындағы рейтингтің 10-орнында тұрған Хоакин Баклидің айқастарынан құралған видеоколлаж жарияланды.

Бұған дейін америкалық файтер Бакли қазақстандық спортшыны ашық түрде жекпе-жекке шақырған болатын.

Видеоға қоса жарияланған жазбада команда болашақтағы мүмкін айқасқа астарлы түрде сілтеме жасады:

«Бірдеңе болып жатқан сияқты ғой, ә? » — делінген жазбада.

Спортшылардың соңғы жекпе-жектері

  • Шавкат Рахмонов соңғы рет октагонға былтыр желтоқсанда шыққан. Ол ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен сенімді түрде жеңді.
  • Хоакин Бакли өзінің соңғы кездесуінде, 15 маусымда, UFC-дің бұрынғы чемпионы Камару Усманнан жеңіліп қалған.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов бұған дейін бірнеше рет ашық түрде — UFC кіммен жекпе-жек берсе де, шығуға дайынмын деп мәлімдеген.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары